Доллар бағамының кезекті антирекорды
Доллар бағамының кезекті антирекорды
Доллар бағамы бүгін жаңа антирекорд орнатты. KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 322,47 теңгеге жетті. Валюта бағамы 2015 жылы 11 желтоқсанында орнаған тарихи антирекорд - 313,99 теңге бірден 8,48 теңгеге артты. Бүгін таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 315,1 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға, ал ең жоғары баға – 329,67 теңге. Сауданың жалпы көлемі 166,1 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 325-330 теңге аралығында саудаланып жатыр. Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берген еді. "Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", – деп сендірген Ақышев. Алайда бүгінгі бағам АҚШ валютасының құны әзір тұрақтала қоймайтынына көзімізді жеткізді.