15 Қазан, 10:57 332 0 Көлік Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда жаңа көлікті қай өңір тұрғындары жиі сатып алады?

Елімізде жаңа көліктерді Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жиі сатып алады екен. Бұл туралы «Қазавтобизнес» қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева мәлімдеді. 

Жыл басынан бері 5 968 автокөлік пен жеңіл коммерциялық техникалар, 673 жүк көлігі мен арнайы көліктер сатылған. Олардың ішінде ішінде 373 отандық көлік Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстан мен Беларуське экспортталды. «Отандық көліктердің үлесі қарқынды өсуде. Осындай қарқынды сұраныс пен экспорт көлік өнеркәсібіне одан әрі нығаюға мүмкіндік береді», - дейді Анар Мақашева.

2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, ішкі нарық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артқан.

Соңғы жаңалықтар