«Мұзбалақ» Германияда «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды

Сондай-ақ!

«Наполидің» стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис «Наполи» клубының Сан-Паоло стадионына команданың бұрынғы ойыншысы, даңқты спортшы, марқұм Диего Марадонаның есімі берілетінін мәлімдеді, деп жазады korrespondent.net. «Тамаша идеялар...

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін айыптаған блогер Гүлбану Әбенованы ақпараттық киллер деп атады. «Мен жала жапқан...

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

Маңғыстау облысында мәдениет үйіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді

ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді. Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен: - Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт...

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін «Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды, деп хабарлайды «Қазақфильм».

Аталмыш анимациялық фильмі 7-13 қазан аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен 24-ші Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалінде Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды.

«Мұзбалақ» анимациялық фильмі бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Режиссерлері –Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.

«2D анимациясының таң қалдырарлық үлгісі. Disney және Pixar анимациялық кеңістігінен тыс жерде жасалған нағыз жаңалық», делінген фестивальдің баспасөз баянында. Schlingel халықаралық фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Биыл бұл байқауда 52 елден келген 233 балалар мен жасөспірімдерге арналған фильм көрсетілді.

«Бұл фильм ұлттық бояуы қанық, қазақтың болмысын көрсететін туынды, сондықтан да шетелдіктерге қызықты болды деп ойлаймын. Осы орайда, бізге қолдау көрсетіп, осы фильмнің шығуына себепкер болған Мәдениет және спорт министрлігіне, «Қазақфильм» киностудиясына алғысымызды білдіреміз. Осындай жеңістер көп болып, «Мұзбалақ» баршамызды қуанта берсін», – деді фильмнің режиссері Тұрдыбек Майдан.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Мұзбалақ» фильмі Қазақстанның кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы – «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, анимациялық туынды Ресейде өткен XVII Халықаралық «Алау рухы» («Дух огня») атты дебюттік фильмдер кинофестивалінің жасөспірімдер мен балаларға арналған байқауына және Чехияның Злин қаласында өткен 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Панорама» фестивалінің конкурстан тыс бағдарламасына қатысты. Одан бөлек, бұл фильм Ресейде өткен 14 Халықаралық «Отбасымен бірге» фестивалінде арнайы жүлдеге қол жеткізді.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Екі адам тірідей өртеніп кетті» Шығыста 70 шаршы метрді шарпыған өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен...

Талдықорғандағы жарылыс: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның...

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі...

«Наполидің» стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис «Наполи» клубының Сан-Паоло стадионына команданың бұрынғы ойыншысы,...

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...