Түркіменстан Google бұлтын бұғаттады
Түркіменстан Google бұлтын бұғаттады
Түркіменстан билігі Google компаниясының мәліметтер сақтайтын бұлтын бұғаттады. Бұл туралы Turkmen.news басылымы Qurium Media Foundation швед үкіметтік емес ұйымының есебіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұғаттау DNS-серверді алмастырып, жалған IP көрсету арқылы жүзеге асқан. Соның салдарынан қолданушылар сұраған парақты аша алмай қалады.
Хабарларға қарағанда, Google бұлтына маусым айының басында turkmen.news сайтының көшірмесі сақталған. Түркіменстанда ол бірнеше күн ашылып тұрды, бірақ кейін оны да жауып тастады.
Мамандар бұғаттаудың бұл түріне билік қыруар қаражат жұмсап отырғанын айтты.
Түркіменстан билігі Интернетті бақылау мен бұғаттауға қажетті технологияларды шетелден сатып алған. Түркімен арнайы қызметі оны немістің Rohde & Schwarz компаниясынан алған.
Түркіменстанда әлеуметтік желілер, әлемдік ақпарат құралдарының сайттары, сонымен бірге файл алмасу сервистері ашылмай тұр.