Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Өзбекстанның арнайы қызметі Құранды шетелге сатқызбады

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ескі Құранды Қырғызстан азаматына 150 мың долларға сатқысы келген бұхаралықты ұстады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бұхараның 49 жастағы тұрғыны Фаррух Шарапов 150 мың доллар алған соң, Құранды Қырғызстанға жеткізуге келіскен.

Мәдениет министрлігі сарапшылары кітап XVI ғасырда жазылғанын, кейін оны XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында қайта түптегенін анықтады.

Арнайы қызмет мәліметі бойынша, бес ғасырлық тарихы бар құнды жазба 1,8 миллиард сум (шамамен 190 мың доллар) тұрады. Тергеу жүріп жатыр.

Тарихи жәдігер Өзбекстан мемлекеттік мұражайға өткізіледі.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button