Жаңалықтар

Дариға Назарбаева "Сырым" шекара бекетінде болды

ашық дереккөзі

Дариға Назарбаева "Сырым" шекара бекетінде болды

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Сырым» шекаралық өткізу бекетінде болып, ондағы жаңартылған инфрақұрылыммен танысты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. Шекара бекеті қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, осы учаске арқылы орташа есеппен мыңнан астам автомобиль өтеді. Бірнеше ай бұрын шекара бекетінің мүмкіндігімен мұндай көлемдегі көлік өтіп үлгере алмаған болатын, алыс жолға тауар тасымалдайтын жүк машиналары кейде тәулік бойы кезекте тұруға мәжбүр болып, шұбатылған кептелістер туындады. Қазіргі кезде бекеттегі инфрақұрылым толығымен жаңартылды, бұрынғы екі жолаққа қосымша жабдықталған сегіз тексеру жолағы қосылды. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы осы участокте кептеліс мәселесін шешуге мүмкіндік берді.