Қыркүйектің ең үздік спортшысы анықталды

Қыркүйектің ең үздік спортшысы анықталды

Қыркүйектің ең үздік спортшысы анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қыркүйектің ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика), Қорлан Жақанша (грек-рим күресі). Дауыс беру бүгін сағат 13:00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Қорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22.08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.