Түрмедегілер арасында өлім көрсеткіші жоғарылап кеткен

Түрмедегілер арасында өлім көрсеткіші жоғарылап кеткен

Түрмедегілер арасында өлім көрсеткіші жоғарылап кеткен
ашық дереккөзі

Еліміздегі түзету мекемелерінде 2 жыл ішінде 500-ге жуық жазасын өтеуші қайтыс болған. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов «түрме реформасының» ІІІ форумында хабарлады. «Өкінішке қарай, біздегі пенитенциарлық жүйе кеңестік зоналардың іргетасында тұр. Еркіндікте өзін таба алмағандарды түрме күтіп тұрады, ол кейбіреулеріне мола да болады. Екі жыл ішінде онда 433 адам жерленді», – деді Асанов. Оның айтуынша, елімізде сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу тетіктері қарастырылмаған: «Ақсай шатқалындағы 12 адамның өлімі мен Париждегі терактінің төркіні бір. Ол тұлғалар кезінде сотталғандар. Түрмеде жүргенде олар бір-бірін тауып, террорлық жолға түскендер. Түрмелер экстремистер мен терроршылардың инкубаторы бола алмайды. Егер бізде сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдейтін лайықты жүйе болса (ресоциализация), ондайға ұрынбауға болар еді», – деді ол.