БҒМ: Білім беру гранттарын бөлу ісіне ешкім араласа алмайды

БҒМ: Білім беру гранттарын бөлу ісіне ешкім араласа алмайды

БҒМ: Білім беру гранттарын бөлу ісіне ешкім араласа алмайды
ашық дереккөзі
Кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім беру гранттарын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім беру гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтындығы анықталды. Аталған тексеру гранттарды бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, гранттарды бөлу туралы деректер тізімдер жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланған сәтке дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады», делінген хабарламада. ЦАРКА мамандары тізімдерді қалыптастыруға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, аталған тексеру жұмыстары барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген