"Бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау" - Президент масаны жоюға жауаптыларды сынға алды

"Бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау" - Президент масаны жоюға жауаптыларды сынға алды

"Бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау" - Президент масаны жоюға жауаптыларды сынға алды
ашық дереккөзі
Елорда әкімдігінде өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі жиында Президент қаладағы масаны жою жұмыстары  нәтиже бермей отырғанын айтты.  «Бүкіл жаз бойы қаптаған маса қала тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырды. Менің бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау. Масалар кеше ұшып келген жоқ қой. Бұл жоспарлы жұмыс болуы тиіс», - деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысының дерегінше, масаны улауға бөлінген 395 млн теңге қаражаттың тек 65 пайызы ғана игерілген. «Жұмыс дер уақытында, лайықты үйлестірусіз жүргізілген. Жағдайдың ерекшелігі барынша белгілі. Бірақ, маған жағдайдың жылдан жылға қайталанатындығы түсініксіз. Басқарушыларымыз бен менеджерлеріміз қандай өзі», - деді ҚР Президенті.