Жаңалықтар

Елордалық жастар Ақмола облысындағы тарихи орындарға саяхат жасады

Елордалық жастар Ақмола облысындағы тарихи орындарға саяхат жасады

Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, ЖОО тарихшылары мен елордалық ҚХА жастары Ақмола облысының тарихи-өлкетану орындарына алғаш рет сапар жасады. Сапар ежелгі Бозоқ қалашығы мен киелі жер Құмай-Қарағайлы бағыты бойынша жасалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.