Қазақстанның ең сұлу аруы анықталды

Қазақстанның ең сұлу аруы анықталды

Қазақстанның ең сұлу аруы анықталды
ашық дереккөзі

Кеше елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында “Қазақстан аруы-2015″ сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Биыл 19 мәрте ұйымдастырылған сайыстың бас жүлдесі 17 жастағы маңғыстаулық ару Әлия Мергенбаеваға бұйырды. 30 бойжеткеннің арасынан топ жарған Маңғыстау колледжінің студентіне тәж кигізіліп, 5 млн. теңгенің сертификаты табысталды. Бір қызығы, «Қазақстан аруы» атағын алған Әлия мүлдем кітап оқымайды екен. Ол мұны өзін таныстыру бейнеролигінде ашық айтып, ағынан жарылған. Ақтаулық сұлудың бұл кемшілігі оның байқаудың бас жүлдесін иеленуіне бөгет болған жоқ. Әйтсе де, көпшілік бұл ұнай қоймады. Мәселен, белгілі журналист Ержан Байтілес facebook-тегі парақшасына: “Кітап оқымаған қыз Қазақстан аруы атанды дейсіңдер”, – деп жазды. Айта кететін жайт, биыл «Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазын қазақстандықтар онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Жеңімпаздың есімін жариялау үшін сахнаға Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров шықты.

pogudx5hpildk5vlq.15b858c6 Байқауға Қазақстанның әр облысынан 30 үміткер қатысты. Олардың қатарында журналист, халықаралық заңгер сынды мамандық иелері бар. Тіпті, мектеп оқушылары да бақтарын сынап көрді. Ақтық кезеңге қазылар алқасының шешімімен тек 5 ару өтті. Сайысқа қатысушыларды бағалайтын қазылар алқасының құрамына еліміздің танымал әрі құрметті азаматтары: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, «Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов және актриса Әсел Сағатова болды. Сонымен бірге, «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велошабандоз Александр Винокуров, «Астана Жастары» жастар орталығының басшысы Әнуар Нұпейісов, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада және «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова да бойжеткендердің қарым-қабілетіне баға берді. «Қазақстан Аруы-2015» атағын иемденген аруға 5 миллион теңге ақшалай сыйлықпен қоса, этностильдегі қыз жасауы да тарту етілді. Қазақтың дәстүрлі қыз жасауы «Алтын орда» авторлық дизайн үйі шеберлерінің қолымен жасалған. Салтанатты жиынтыққа «Махаббат көрпесі», сандықтар, «Бедерлі өрнектер» шал жастығы, қолдан тігілген жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан кіреді.