Батыс Қазақстанда 21 тонна пішен жанып кетті
Батыс Қазақстанда 21 тонна пішен жанып кетті
Батыс Қазақстан облысында өрт салдарынан 21 тонна пішен жанып кетті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Жаңақала ауданы Жаңажол ауылында болған. Саркөл көшесі, 2 мекенжайында жеке үйдің ауласында 90 шаршы метр қора-қопсы, 110 шаршы метр пішен отқа оранды. Соның салдарынан 21 тонна пішен күлге айналды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан - 3, сондай-ақ ерікті өрт сөндіруші жасағынан - 48 адам қатысты. Тағы бір осындай оқиға Жәнібек ауданы Борсы ауылында тіркелді. Абай көшесі, 17 мекенжайында шаруашылық құрылысы жанды. Өрт аумағы - 160 шаршы метр. Мұнда да 53 адам өрт сөндіруге жұмылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері, келген шығын көлемі анықталуда.