Италияға жетуге асыққан мигранттар қайығы суға кетті

Италияға жетуге асыққан мигранттар қайығы суға кетті

Италияға жетуге асыққан мигранттар қайығы суға кетті
ашық дереккөзі
Италияның ЛампедУза аралының жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетіп, 9 адам көз жұмды. Құтқарушылар 20 мигрантты аман алып қалды. Тағы ондаған адам із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздестіру операциясын ауа райының қолайсыздығы мен құтқарушылардың тапшылығы қиындатып отыр. Қайықта Африка елдерінің азаматтары отырған. Олар Жерорта теңізімен Италияға жетпек болған. Шамамен сол уақытта Жерорта теңізінде тағы бір құтқару операциясы жүргізілген. Нәтижесінде испандық мамандар теңізге ағаш қайықпен шыққан 40 мигрантты аман алып қалған.