"Парыз" жүлдесі табысталды

"Парыз" жүлдесі табысталды

"Парыз" жүлдесі табысталды
ашық дереккөзі

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында «Парыз» жүлдесі мен Халық тұтынатын ең сапалы тауар көшбасшысы» арнайы сыйлығын  табыстау рәсімі өтті. Салтанатты марапаттау рәсіміне ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысты.

«Парыз» жүлдесінің «Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғарғы кәсіпорын» аталымы бойынша алтын мүсіншені  Қызылорда облысындағы «Саутс-ойл» ЖШС иеленді. «Саутс-ойл» компаниясының директоры Серікжан Сейітжанов алтын мүсінше мен дипломатты Үкімет басшысы Кәрім Мәсовтің қолынан алды. Айта кетсек, аталмыш компания 2014 жылы қайырымдылық және демеушілік көмек жасау мақсатында 63 миллион теңге бөлсе, Қызылорда қаласындағы теннис орталығының құрылысы үшін 440 миллион теңге қарастырған. Сондай-ақ,  Арал қаласында 100 орынға арналған спорт-сауықтыру кешенін салуға көмек көрсетті.

«Парыз» сыйлығының келесі номинациясы – «Ең үздік ұжымдық келісімшарт». Аталмыш номинация  бойынша «Парыз» алтын мүсінше Ақтөбе облысындағы «Ақбұлақ» АҚ-на бұйырды. Бұл компания қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен қызметкерлерінің демалыс уақыты үшін өте тиімді кесте құрған екен.

Ал «Халық тұтынатын ең сапалы тауар шығарушы» арнайы сыйлығына Алматы қаласындағы «Рахат» АҚ қол жеткізді. Марапттау рәсімінде ҚР Үкімет басшысы арнайы сыйлық пен дипломды «Рахат» компаниясының экономика және қаржы жөніндегі директоры Зәуреш Төлеубаеваға тапсырды. Бұл – Қазақстанда кондитерлік өнім шығаратын ірі әрі танымал компания.