Әділбек Жақсыбеков: Әділетсіз төрешілер мен футболшылар футболдан қуылады
Әділбек Жақсыбеков: Әділетсіз төрешілер мен футболшылар футболдан қуылады
Футболдан 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы шешуші кезеңге аяқ басты. 28-турдан кейін турнир кестесінің басында Алматының «Қайрат», Қостанайдың «Тобыл» және Нұр-Сұлтанның «Астана» командалары келеді. Шешуші матчтардың қарсаңында ҚФФ басшысы Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лиганың клубтарын, сондай-ақ төрешілерді әділ ойын (Fair Play) принциптерін қатаң сақтауға шақырды. «Қолы таза емес команда басшылары, бапкерлер, төрешілер, тіпті футболшылар да, егер бұлтартпас дәлелдер табылса, футболдан қуылады», - деді Әділбек Жақсыбеков. Федерация президенті ресми сайыстарда ойын нәтижесіне тікелей ықпал ететін қателіктер жіберген бірқатар төреші ұзақ мерзімге қызметінен шеттетілгенін тілге тиек етті. «Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лига біріншіліктерінің соңғы матчтарын Төрешілер комитеті, Әділ ойын принциптерінің сақталуын қадағалау комитеті, ҚФФ Әдеп комитеті қатаң қадағалап отырады», - делінген мәлімдемеде.