Әділбек Жақсыбеков: Әділетсіз төрешілер мен футболшылар футболдан қуылады

Әділбек Жақсыбеков: Әділетсіз төрешілер мен футболшылар футболдан қуылады

Әділбек Жақсыбеков: Әділетсіз төрешілер мен футболшылар футболдан қуылады
ашық дереккөзі
Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков клубтар мен төрешілерге үндеу жолдап, әділ ойын принциптерін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды  ҚФФ баспасөз қызметі. Футболдан 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы шешуші кезеңге аяқ басты. 28-турдан кейін турнир кестесінің басында Алматының «Қайрат», Қостанайдың «Тобыл» және Нұр-Сұлтанның «Астана» командалары келеді. Шешуші матчтардың қарсаңында ҚФФ басшысы Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лиганың клубтарын, сондай-ақ төрешілерді әділ ойын (Fair Play) принциптерін қатаң сақтауға шақырды. «Қолы таза емес команда басшылары, бапкерлер, төрешілер, тіпті футболшылар да, егер бұлтартпас дәлелдер табылса, футболдан қуылады», - деді Әділбек Жақсыбеков. Федерация президенті ресми сайыстарда ойын нәтижесіне тікелей ықпал ететін қателіктер жіберген бірқатар төреші ұзақ мерзімге қызметінен шеттетілгенін тілге тиек етті. «Премьер-лиганың, Бірінші және Екінші лига біріншіліктерінің соңғы матчтарын Төрешілер комитеті, Әділ ойын принциптерінің сақталуын қадағалау комитеті, ҚФФ Әдеп комитеті қатаң қадағалап отырады», - делінген мәлімдемеде.