Жадағай бесікте жатқан бала

 

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген ата- бабамыз еліңнің болашағын ойласаң, ұрпағыңның тәрбиесіне жасынан жіті мән бер дегенді көксеген ғой. Бүгінгі заманауи технологиялардың дамыған кезінде, балаларымыздың тәрбиесінде айрықша орын алып отырған көгілдір экрандағы сан түрлі мульт сериалдардың сапасына көңіл бөлу – басты міндетіміз.

Шетелдік өнімдер өз елінің ғана мүддесін қорғайды

 Қазіргі таңда балапандарымыздың көгілдір экраннан, интернет желісінен, бейне-таспалардан көріп жүрген мультфильмдерінің көбі шет елдік. «Шрек», «Человек Паук», «Бэтмэн», «Губка Боб», «Кун фу Панда», «Маша мен аю», «Робака Поли» тағысын тағылар. Біздің менталитетімізге жат дүниелер. Бірі американың болашағы үшін күрессе, екіншісі қытайдың Кун фу мектебін насихаттайды, Машаңыз тұнып тұрған саясат. Балаға қай елдің мультфилімін көргені маңызды емес, ең бастысы, қызықты болса болды. Бірақ ол бойына өзге елдің менталитетін сіңіріп жатқанын білмейді. Сары шашты, орыстың ұлттық киімін киген Маша қыз – оған ең әдемі қыз. Ол жолбарыстан да, қытайдың пандасынан да қорықпайды. Аю оған жол сілтеуші. «Кашу, кашу!»,- деп ызыңдаған Маша арқылы біз сүт қаймақ жеп өскен қазақтың қара домалағын тәрбиелемейміз. Қой бағып, атқа шаппаймыз, таңқурай мен саңырауқұлақ теріп, балық аулаймыз. Шошқамен ойнаймыз. Сонда біз тұп- тура орыстың Машасын тәрбиелеп шығамыз. Балаларымыз дүкенге барса, сыртында тек Машаның суреті бар сағызды шайнайды, Маша мен аюы бар шоколад пен кәмпитті жейді, Машаның суреті бар орамалмен сүртінеді, Машаның суреті бар кеудешені киеді. Мұның бәрі өзгенің дүниетанымы балалардың санасын жаулап алды деген сөз.

Шетелдік қайсыбір туынды болсын, өз ұлтының, нақты бір ұлты болмаса да өз мемлекетінің мүддесін қорғайды, өзіне еліктіреді, тап-таза, кіршіксіз жан иесі – бала психологиясын жаулау арқылы бүкіл бір ұлттың алдында үнсіз ғана бас идіреді.

Қазақ мультипликациясына қолдау аз

 Ал қазақ мультфильмдері десек, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан » дейміз де, «Қазіргі мультфильмдер ше?», – деп, атын есімізге түсіре алмай кідіреміз.

«Қазақ фольклорындағы батырлар жыры, ғашықтар жыры, қазақтың таңғажайып ертегілерінің негізінде неге заманауи мультсериалдар түсірмеске» деп талай рет баспасөзде, телеэкрандарда мәселе көтерілді.

Қош, осындай келелі мәселелер көтерілісімен-ақ «Қазақфильм» киностудиясы да, еліміздегі тілдерді дамыту орталықтарының тапсырысымен жекелеген студиялар да қазақша мультфильмдерді шығара бастады. Солардың алғашқылары болып, «Қазақфильм» киностудиясының «Ер Төстік» ертегісінің желісімен балаларды қызықтырамыз деген әдіспен бүгінгі заманауи құралдар: ұялы телефон, сенсорлы экран сияқты дүниелерді ертегі желісіне кіргізіп, жаңаша стильде қазақ тіліндегі мультфильм өмірге келді. Алғаш экранға шыққанда жарнамасын дардай қылып, елді қызықтырып, кинотеатрларда берілгенмен, іздеп жүріп көрер фильмге айналған жоқ. Артынша «Алдар Көсе» , «Қошқар мен теке» мультсериалдары өмірге келіп жатты. «AZIA ANIMATION» студиясының «Алдар Көсе» мультсериалы ұлттық арналардан үздіксіз, кейде қайталанып та беріліп жүрді. Өз көрерменін де тауып үлгерді. Көрермен қатары кішкентай бүлдіршіндерден гөрі ересектермен толықты. Себебі Алдар Көсенің қулыққа құрылған тапқыр ойлары істен гөрі сөзге, яғни диалогқа құрылған. Ал жас бала мультфильмдегі қимылмен істелген әрекеттерге көп көңіл бөлетінін білеміз. Дегенмен, қазақ баласының ұғымына Алдар Көсе деген кейіпкерді енгіздік. Бастысы бүлдіршіндеріміз қазақ даласында Алдар Көсе деген айлакер, қу адамның болғанын, бірақ айлакерлігін өзгеге көмектесу үшін қолданатынын, оның ақ жүрек, ақ көңіл екенін білді. Бірақ мультфильм жоғарыда айтқандай балаларды баурап әкетіп, санасын жаулайтындай деңгейге жете алмаған. Көп ұзамай, «Қошқар мен теке» атты мультфильм елдің назарын бірден өзіне аударды. 2011 жылы құрылған «Сақ» киностудиясының аталмыш мультфильмі экраннан жиі көрсетілмегенімен, интернет желісінде көп көрінеді, тіпті кейбір жеткіншектердің ұялы телефондарына басып алып тамашалап жүргенін жиі байқайсың. «Қошқар мен теке», «Қошқар мен теке-2» деп аталатын сериалдарды бүлдіршін де, жеткіншек те, ересектер де қосыла көріп отырады. Бұл дегеніміз, сериалдың сөзден гөрі қимылға құрылғандығының жемісі, заманауи би қимылдары мен күресудің әдіс- тәсілдерін мультфильм персонаждарына ойната отырып, қазақы әзілді де орынды жеткізе білгендігі . Ең бастысы, фильмнен қазақылықтың исі шығады. Қазақпен бірге жасасып келе жатқан төрт түлік малды, яғни қошқар мен текені айнымас дос етіп, өгіз бен бұзауды туыс етіп, қасқырды жағымсыз кейіпкер ретінде алып, таза қазақы ұғымды қалыптастыратын персонаждарды баланың санасына сіңіре білгендік. Қошқар – нағыз қазақтың мінезін сипаттайды. Қожайындары ата мен әжеге, жан досы текеге адал. Көп сөзі жоқ. Бірақ өзін және жақындарын ренжіткендерді аямайтын қара күш иесі. Бұл фильмінің жарнамасы, елге таралу, ел экрандарынан көрсетілу деңгейінің төмен болуы, жалпы айтқанда қолдауы жетіңкіремей тұрған секілді. Еліміздің телеарналарынан неге көрсетілмейтінін қарапайым халық түсінбейді. Мүмкін арна басшылары кәсіби тұрғыда кем-кетіктер тауып, телеарна саясатына немесе техникалық қалыбына сай келмейді деп шешкен болар. Әйтпесе, «Қошқар мен теке» Ресейдің «Маша мен аю» мультсериалынан кем түспейтін-ақ еді. Бірақ халық қашан да өз жүрегінен орын алған дүниені іздейді. «Қошқар мен текенің» жалғасын күтеді. Биік деңгейде түсірілмесе, мультфильм Қытайдың Хонжу қаласында өткен дүбірлі анимациялық фильмдер фестивальінен «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және « Ұлттық ерекшелік» деген екі бірдей номинацияны иеленбес еді ғой.

Жақында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» атты толықметражды анимациялық фильмді жасау міндеті де осы «Сақ» киностудиясына сеніп тапсырылыпты. Фильмнің үзінділерін телеэкраннан да байқап қалдық. Желтоқсан айында тұсаукесері де болады деп естідік. Халықты өз туындыларымен елең еткізіп үлгерген «Сақ» киностудиясы көрерменін бұл жолы да таң қалдыратынына сенімдіміз.

Ұлт үшін жасалған еңбек желге ұшпауы керек

Мультсериалдарды таратуың ең бір сенімді жолы – бейне таспаларға басып шығару. Бала қалаған уақытында, кез-келген жерде арнайы дүкеннен өзі қалаған сүйікті мульттоптамасын сатып алып, қанша қайталап көрем десе де өз еркі. «Алматы қаласы, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының» тапсырысымен «AZIA ANIMATION» студиясы қазақтың халық эпостарының желісі бойынша түсірілген тағы бір анимациялық фильмдерді ұсынды. Көздің жауын алар бейне таспа мұқабасының ішінде «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» атты 4 диск және қазақ халық ертегілерінің желісі бойынша түсірілген 20 фильмнен жинақталған 2 диск салынған. Балаларымызды қазақ эпостары мен халық ертегілеріне қандыратын төл дүниеміз де шығыпты ғой деп тақиямызды аспанға лақтыра қуандық. Әттең, қуанышымыз алғашқы дискіні көргенде-ақ, су сепкендей басылды. Біріншіден, фильмді көргенде мультфильм емес, балаларымыздың санасын улап жүрген шетелдің компьютерлік «GTA», «Counter – Stike» секілді ойындарын қосып отырғандай әсер аласың. Кейіпкерлер ебедейсіз, роботтар секілді жүреді. Алғашқы диск Алпамыс батырға арналыпты, Алпамыстың түр-тұлғасы барынша батырға икемделіп жасалғанмен, көзі өзге ғаламшарлықтар секілді шарасынан шығып кетердей. Алпамыстың әкесі – Байбөрі бай кеудесін кере жүргенімен, шешесі Аналық екі тізесі алдыға шығып, қомпаң-қомпаң етеді. Қазақ әйелінің болмысын көз алдыңа елестеткенде кеудесін тік ұстап, аяғын тік басып, басын сәл төмен салған ұяң, одыраңдамай анық басып, жарқын жүзбен жүрген сүйкімді жан келмей ме көз алдымызға. Жалғыз Аналық қана емес, бүкіл қыз-қырқын осылай одыраңдап жүреді бұл фильмде. Қазақ қыздары осылай жүреді дегені ме сонда? Байбөрі ұлды болып, ұлан-асыр той жасағанда билеген қыздарды көрсеңіз, тіпті күлесіз. Мың құбылған биші емес, екі қолын екі жаққа сермеп, талтаң- талтаң еткен жабайы тайпалардың отты айнала билеген биі елестейді. Қош, бұның бәрі заманауи техниканың көркем дүниені бейнелеуге мүмкіншілігінің жетпегені шығар дедік. Қимылды жеткізу қиынырақ шығар мүмкін. Ал сіз қазақтың бала жатқан бесікті ашық ұстағанын көріп пе едіңіз? Бесікте жабу болады емес пе? Ал сәби Ұлтан (Байбөрінің күңнен туған өгей баласы) жатқан бесікте жабу да жоқ, баланы тартып байлайтын тартпасы да жоқ, тартпа тұрмақ астында көрпе- жастығы да жоқ. Сәби бесіктің жадағай тақтайында жатыр. Бұған қалай налымайсың? Қазақтың киелі бесігі деген ұғым қайда қалды сонда? Мультипликатор суретшілердің бесікті салғанда оның жабдығын неге салмағаны түсініксіз?

Тағы бір қисынсыз жайт, Алпамыс бір қолын алдына ұстап, ал екінші қолын артына сермейді де отырады. Ер жігіт атқа отырғанда бір қолымен жүгенді тізгіндеп отырса, екінші қолында қамшы болмай ма? Алпамыстың қолына қылыш пен найзаны ұстатқанда, қамшы мен жүгенді неге ұстатпаған? Бұның бәрі фильмдегі ұсақ-түйек болғанмен, нағыз қазақы ұғымды қалыптастыратын, қазақтың болмысын танытатын дүниелер емес пе? Бала осындай ұсақ-түйектен ой түйетінін шығарушылар неге ескермеген? Тізе берсең, бұл фильмде кем-кетіктер жетерлік. Логикалық жағынан да қателіктер кеткен секілді. Байбөрі бір перзентке зар болып, Аналық екеуі әулиелі жерлерді аралап жүргенде алдарынан шыққан барысқа Байбөрі мылтық кезенеді. Алпамыстың уақытында жұрт найза мен қылыш ұстаса, Байбөрінің заманында мылтық қайдан жүр? Тағы бір жайт, Алпамыс еліне кемпір бейнесінде келіп, жамбыға садақ атқанда, жамбы деп қораның қоршауына асқабақты қадап қояды. Мал баққан қазақта қайдан асқабақ болғанын да түсіну қиын. Ал жамбының түрі қандай болатынына фильм жасаушылар мүлдем назар аудармаған секілді. Мұндай қателіктер «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» фильмдерінде де қылаң беріп жатады. Мысалы логикалық қателердің қатарын толықтырып кетсек, «Қобыланды батыр» фильмінде соғыс құралдарында зеңбірек қолданады. Ол заманда зеңбірек болған ба? деген сұрақ туындайды. Ал «Қамбар батыр» жырын жырлап отырған жыршы Қамбарды жалаң қолымен жолбарысты жеңген батыр деп суреттейді де, сюжетінде жалын желбіретіп, арыстанды көрсетеді. Бұл баланы шатастырады емес пе? Барыс деп арыстанды атап жүре ме сонда?

Ал қазақ қыздарының болмысын жоғарыдағыдай етіп суреттегеніне налып отырып, «Қазақ халық ертегілері» дейтін соңғы дискіні қосқанда, Тотамбай деген ертегіні көріп, тіптен көңіліміз қалды. Тотамбай деген шашы сап-сары, бұйра-бұйра, беті шұп-шұбар қойшы. Құдды айнымаған орыс ертегісіндегі Иванушка. Оған үкілі бөрік киген бір бойжеткен ғашық болады. Ғашық болғанда дәл осы түлкінің жүні түстес шашына ерекше ғашық болады. Сонда фильм жасаушылардың мақсаты не деп таң қаласың. Жас балаға беті шұбар, сары кейіпкерді тұлға етіп көрсету ме? Түсініксіз. Шатастырудың не қажеті бар?

Титрда, жоба авторлары – Краус Артур, Краус Игорь деген өзге ұлт өкілдерінің есімдері бірден көзге түсіп, есте жақсы сақталады. Жобаны жасаған азаматтар өзге ұлт өкілі болса, ұлттық құндылықты олар қалай жете түсінсін, бірақ тапсырыс беріп отырған «Алматы қаласы, Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының » жауапты қызметкерлері қайда қараған? Жоғарыда тізіп өткен қателерді байқайтын біреу табылмағаны ма?

«Біткен іске сыншы көп» – деген бар. Әрине төл дүниемізге, әсіресе қазақ мультипликациясы жаңа шығармаларға сусап отырғанда, елдің алды болып, іс бітіру оңай дүние емес. Дегенмен, қандай іс бітірсек те одан өз еліміздің пайдасына шешілер ұлттық құндылықтарымыз төмендемеуге тиіс. Әйтпесе ұлттық құндылықтарымызды сақтап қала алмай, жаһандану деген аждаһаның бір-ақ жұтар жеміне айналғанымыз.

 

Жадыра Жақсытай

Редакция таңдауы

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...
photo 79220

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті...
210307172901a3761554d

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram...
201216104342278e

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды...

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша

Қазіргі уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 88409 адамды құраса, оның 49 031-ы, яғни 55,5%-ы әйел адамдар, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Бадам өзенінде балықтар қырылып жатыр

2021 жылдың 8 наурызында «Instagram» әлеуметтік желісінде Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің...

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

Қостанайда 8-наурызда таңғы 3-те екі сыныптастың арасында шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды. Аталмыш қылмыс туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды. «Бүгін Қостанайда қатардағы...

Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді

Атырау облысында базарлар мен сауда үйлерінің күн сайын жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған. «Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін,...

Аршалы маңында 600 көлік 4 шақырымдық кептелісте қалды

Аршалы ауданы маңында автомагистральдің ортасын жүк көлігі жауып қалып, 600 автокөліктен тұратын 4 шақырымдық кептеліс пайда болған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз...

Қазгидромет алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады. «Екатеринбург жақтан көшкен циклон Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жаудырады. 10 наурыз...

Елімізде полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді

Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау...

Әнші Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» байқауына қатысады

Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысы-11» жобасындағы сынақтан өтіп, Олег Винниктің командасына қабылданды, деп хабарлайды украиналық ТСН арнасы. Диляра әлемдік жұлдыз Мэрайя Кэридің «My All»...

Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреттері жарияланды

Желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды. Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. "Тамаша күн. Таңғы серуен....

Головкиннің келесі қарсыласы

Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1,...

Құрмаш Маханов аэропортта аруларға арнап ән шырқады (видео)

8-наурыз мерекесін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері әйелдер қауымын ерекше форматта құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп өткізілген іс-шара аясында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақконцерт...

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды

Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы студенттің өзі Instagram парақшасында жазды. Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының тумасы. Осыдан 3 ай бұрын 17...

Алғашқы ҰБТ 10-наурызда басталады

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу...

Қазақстанның кей аймақтарында жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.  07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы,...

Жандолла Мандатұлы: Кореяда стипендия арқылы білім алуға болады

Жандолла Мандатұлы – Баян-Өлгий аймағында туған. Авиация инженері мамандығы бойынша Оңтүстік Корея елінің Пусан Ұлттық университетінің студенті. Ол Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға...

Пеле: Мбаппе ізбасарым болады

Әлем футболының королі атанған Пеле болашақта өз ізін «ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе басады деп болжайды. - Мбаппе менің ізбасарым бола алады және мен бұны...

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, -...

Бітімгер әйел

Елімізде әскери салада әйелдер қауымы елеулі еңбек етіп келеді. Тіптен олардың саны жыл сайын артуда. Заңгер, қаржыгер, телефонист  секілді мамандықтарды игерген. Олар ұшақты басқарып,...

Елімізде 480 адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда бір тәулікте 480 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 54, Шымкент қаласы...

Темекіні оңай тастаудың 5 тәсілі

Дүниежүзінде коронавирусқа қатысты шындыққа сай келмейтін түрлі ақпарат тарады. Осындай мифтің бірі - темекі шегетіндер COVID-19 инфекциясын сирек жұқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайлар...

Президент әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Құрметті ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бүгін Қазақстанда «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аталып өтеді. Биылғы мереке алғаш рет коронавирусқа қарсы карантин шектеулерімен тұспа-тұс келіп отыр. Атаулы күннің тарихы әйелдер...

«Маттео Пеликоне»: Қазақстан спортшылары үш алтын медаль алды

Римде күрес түрлерінен "Маттео Пелликоне" рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Еркін күрестен Қазақстан құрамасы соңғы жарыс күнінде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль...

Жансай Смағұлов: қолда тұрған алтыннан айырылып қалдым

Ташкентте дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысында 73 келі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлдегер атанған Жансай Смағұлов алтыннан қалай айырылып қалғаны туралы айтып берді.  "Жарыс...

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Қазақстанда апта ішінде болған тағайындауларға шолу

Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Президенттік жастар кадр резервінің төрт өкілі басшылық лауазымға тағайындалды. 1-7 наурыз аралығында...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....