Жаңалықтар

«СЕНТОБ» ЭТНО-ҚЫСТАҒЫ ТАСТАН ӨРІЛГЕН ТАМАША ТУЫНДЫЛАРДАН ТҰРАДЫ

ашық дереккөзі

«СЕНТОБ» ЭТНО-ҚЫСТАҒЫ ТАСТАН ӨРІЛГЕН ТАМАША ТУЫНДЫЛАРДАН ТҰРАДЫ

Өзбек елі – Орталық Азиядағы тарихи ескерткіштерге бай ел. Соған орай елдің ішкі туризмі жақсы дамыған. Соңғы жылдары бұл салаға мемлекет алыс-жақыннан туристерді тарту ісін бұрынғыдан да күшейтіп жатыр. Туризмді дамытудың бір тетігі жарнама десек, өзбек елінің тамаша жерлерін жарнамалау үшін, алдымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елдегі керемет демалыс орындарын, этноорталықтарды жақсы білуі тиіс. Осыған орай Өзбекстен туризмді дамыту мемлекеттік комитеті республикалық басылымдарға арнап пресс-турлар ұйымдастырып отырады. Жақында жоғарыда аталған мемлекеттік мекеме Өзбекстанның Науаи облысында журналистер мен туризм саласы мамандарына арнап пресс-тур өткізген еді. Өзбекстан республикасының өзге өңірлері сияқты Науаи облысында да туризм саласы қарқынды дамуда. Әсіресе, мұндағы «Сентоб» атты этно-қыстақ бүгінгі таңда еуропалық туристердің назарына түскен. Алдағы 2020-2021 жылдары Президент қаулысы негізінде этно-туристік зонасына айналдыру көзделіп отырған, Науаи қаласынан шамамен 200 километр алыста Қаратау тау тізбектері баурайында орналасқан шағын қыстақтың ерекшеліктері өте көп. Мұнда, негізінен, тәжік ұлтының өкілдері ғасырлар бойы тұрақтаған, яғни олардың ата қонысы. Этно-ауылға барып, таулы аймақта жасайтын халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысқан мамандар бұл арадағы өмір сүру ерекшеліктерін зерттеп, қыстақтағы көрікті жерлерді аралады. [gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwMzM1Nzc3Nzk0MjA2ODE5LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwMzM1Nzc3Nzk0MjA2ODE5IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwNDI0MzQ4NjA5Nzg1MDE2LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwNDI0MzQ4NjA5Nzg1MDE2IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0=,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8xMFwvcGhvdG81MjQwNDY3NzQ5MjU0MzEwNjg1LmpwZyIsInRpdGxlIjoicGhvdG81MjQwNDY3NzQ5MjU0MzEwNjg1IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="] Ауылдан қонақжайлылық пен кеңпейілдіктің жылы лебі есіп тұр. Ғасырлар бойы осы аймақты мекендеген қарапайым жандардың таудың қиыршық тастарынан құрған ғимараттарына еріксіз назар аударасыз. Көне сәулеткерлік үлгісі негізінде салынған тұрғын үйлер, таудың қалыңдығы 3-4 сантиметр болған қиыршық тастары саз-балшықпен шеберлікпен өрілген. Ауыл тынысымен танысу барысында үй салып жатқан ұсталардың шеберліктеріне таң қалдық. Олардың айтуынша, жергілікті таза табиғи өнімдерден құрылған ғимарат өте шыдамды, ғасырлар бойы мекендейтін орын болады екен. Тау тасынан өрілгені болмаса, үйлердің пішіні заманауи. Жергілікті тұрғындар үйдің айналасындағы қорғандарын да шамамен бір метрдей етіп қорашаланған. Тіпті, зираттар да тау тастарынан салынған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, тұп-тұнық көлде шомылу мүмкін емес. (Жергілікті халықтың арасында тараған аңыз бойынша көлдің иесі – «қанатты тұлпар». Бұл «қанатты тұлпар» түн ортасында ұшып келіп, көлде шомылатын өте әдемі қанатты жылқы екен). Мұнда шомылған адамдар үстіне түрлі жара шығып, ауырып қалады екен. Көлді тек тамашалауға ғана болады. Өйткені көлдің айналасы көктемде өте әдемі түске енеді. Тау табиғаты мен көлдің сұлулығын көрем деген саяхатшылар оған ат немесе есекпен баруы мүмкін. Ауыл тұрғындары ат пен есекті көлік ретінде пайдаланады. Табиғаты ерекше этно-қыстақта аң аулауға заңмен тыйым салынған. Өйткені «Сентобта» «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар тіршілік етеді. Олардың арасында тау-тасты мекендейтін  арқарлар да бар. Сонымен қатар, мұнда дәрілік шөптің саналуаны өседі. Айгүл ЕРКІНҚЫЗЫ Ташкент қаласы, «Нұрлы жол» газетінің тілшісі