Жаңалықтар

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ашық есік күні өтті

ашық дереккөзі

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ашық есік күні өтті

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде мектеп оқушылары үшін «Ашық есіктер» күні өткізілді. Алматы қаласындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің «61993» әскери бөлімі қаланың 32 мектебінің оқушыларына және колледж студенттеріне патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ашық есіктер күнін» өткізді. Саны 200-ге тарта оқушылар мен студентер әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.  -Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында әскери қызметтің беделін арттырып, оның қатарын толықтыратын әскери қызметшілердің біліктілігіне ерекше назар аудару жайы атап өтілген болатын. Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті де мектеп қабырғасынан баланы патриоттыққа баулу, Отан алдындағы әскери борыштарын абыроймен өтеу, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолындағы білімдері мен кәсіби біліктіліктерін арттыру болып табылады. Сондықтан біз осы тектес іс-шаралар арқылы жастардың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатуға ықпал еткіміз келеді,- дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Денис Насыров.