Ақтөбеде жеке үй салуға жер берілмейтін болды

Ақтөбеде жеке үй салуға жер берілмейтін болды

Ақтөбеде жеке үй салуға жер берілмейтін болды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жеке тұрғын үй салуға жер телімін беру тоқтатылды. Бұған тиісті коммуналдық желілердің болмауы себеп. Бұған дейін қолданысқа берілген аудан тұрғындары көгілдір отын, ауызсу мен электр жарығына қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz. Қазір 20-дан астам елдімекенде тұрмыстық өркениеттің белгісі де жоқ. Осыған орай жергілікті билік жаңа жер телімдерін бөлуді доғара тұру туралы шешім қабылдаған. Бірінші кезекте іргетасы қаланып, баспана салуды бастап кеткен үйлерді орталық жүйеге қосу керек. Бұл мақсатта жобалық-сметалық құжаттар да дайын. Қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстары кешікпей басталады. Орташа есеппен 27 миллиард теңге қажет. Қазір Ақтөбе қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға 146 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Жәнібек Қабылов, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі: - Биылға жеке тұрғын үй құрылысы үшін он мың жер учаскесін табыстау жоспарланған болатын. Алайда коммуникациялық желілердің болмауына байланысты тоқталып тұр. жыл басынан бастап бес мың адам кезекке тұрды. Кезекке қою тоқтатылған жоқ. Дайын учаскелер болғанда коммуникациясы бар, жаңадан беріле бастайды.