Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" атты кешен салынады

3 қазан, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда "Абай әлемі" атты кешен салынады Елордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы салынады. Ғимараттың жобалық суреттерін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сонымен қатар елордада Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылмақ.