Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша елулікке енбеді

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша елулікке енбеді

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша елулікке енбеді
ашық дереккөзі
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша үздік 50 ел қатарына кіре алмады. 100 мыңнан астам халқы бар Сент-Винсент және Гренадиндер елі рейтингте Қазақстанның алдында тұр Қазақстанда интернет пайдаланушылардың саны артқан. Соңғы дерек бойынша елімізде тіркелген 2,5 миллион интернет абоненті бар. Яғни, бір жылда олардың саны 1,2%-ға өсті. Бұл туралы energyprom.kz хабарлайды. Интернетке қосылу мүмкіндігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,1 миллион, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға көп (13,9 млн). Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша, интернетке қол жеткізу қызметтерінен түскен кіріс көлемі 15,7%-ға артып, 185,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,8% жоғары (160 млрд тг). Интернет пайдаланушылардың саны артқанмен, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша (38,3 Мб/с) әлемдік рейтингте 64-ші орында екен. Рейтингте Сент-Винсент және Гренадиндер елі (38,6 Мб/с) Қазақстанның алдына шыққан, ал Косово (36,7 Мб/с)  бір саты төменде. Интернет жылдамдығы бойынша көш басында — Сингапур (193,9 Мб/с), Гонконг (161,2 Mб/с) және Оңтүстік Корея (160 Mб/с) тұр. Үздік бестікке Румыния (131,2 Mб/с) мен Тайвань (129,4 Mб/с) кіреді. Естеріңізге сала кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент мегаполистерінде 5G пайда болатынын айтты.