БЕЙІМБЕТТІҢ АҚЫНДЫҒЫ

Сондай-ақ!

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Қазақтың «Мұзбалақ» фильмі екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды (видео)

Қазақстандық «Мұзбалақ» картинасы екі бірдей кинофестивальде олжалы болды.Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.  «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі дүниежүзі көрермендерінің жүрегін...

Қазақ халқының жаңа ғана қалыптаса бастаған жазба әдебиеті өзінің басынан аса ауыр тарихи-трагедиялық процестерді өткерді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылық, көркемдік-эстетикалық өлшемдерге қауіп төнді. Советтік кері идеология қазақ әдебиетінің тамырына балта шауып, теориялық ой-өрістің негізін қиып өтті. Советтік цензураның кесірінен қиянат көрген әдебиет қайраткерле­рі­нің бірегейі – Бейімбет Майлин болатын.

Үлкен қаламгер қазақ әдебиетіне, ұлтымыздың ру­ха­ни-мәдени өміріне зор еңбек сіңір­ді. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы әр мезгілде сөз болып келді. Зерттелді. Бірақ, қа­зір­гі Тәуелсіздік дәуірінде Бейімбет­ті тану, зерттеу мәселесі кенжелеп, тұралап қалды. 1957-1990 жыл­­­дар аралығында жазылған Бейім­бет Майлин туралы еңбектер бүгінгі әдебиеттану ғылымының сауалдарына жауап бере алмайды. Біржақты я болмаса цензуралы өт­келден өткен еңбектер болған соң. Әрине, осы жылдар аралығында жазылған еңбектерді біз жоққа шығармаймыз, олар ғылым та­рихы үшін салмағы бар, тегеу­рінді дүниелер.

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсын­ұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сұлтанмахмұт Тор­ай­­ғырұлы, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгірұлы, Бернияз Күлеев, Сәбит Дөнентайұлы сынды ақындардың қатарында Бейімбет Жармағамбет­ұлы Майлинді де атап өту орынды. Көпшілік Б.Майлинді про­зашы ретінде таниды. Алайда талант иесі өз шығармашылығын поэзиядан бастағаны белгілі. Оның түрлі тақырыпқа жазылған өлеңдері терең мазмұн, астарлы ойға бай. Тұңғыш туындыларын «Қазақ» газетінде жариялаған ақын, сол кезде Алаш қайраткерлерімен рухани әрі шығармашылық байланыста болған. Білімпаз тұлға Сма­ғұл Сәдуақасұлы оның шығармашылығын жоғары бағалағаны соның бір дәлелі.

Бейімбеттің ақын ретінде қалыптасуына  бірнеше фактор әсер етті. Алдымен оның балалық ша­ғы, жастық дәурені өлең-жырға жақын орта болды. Ол өзінің туған жеріндегі ақын-жазушылардың, сықақшылардың шығармаларын жаттап алуды әдет еткен. Бұл туралы әдебиет зерттеушісі        Т.Қожакеев жазады. Әдебиетші мақаласында Бейімбеттің Көмек деген атпен белгілі болған ақынның өлеңдерін жинап жаттағанын баяндайды. Зерделі тұлға осылайша сықақшы ретінде қалыптасады. Ауыл адамдары оның өлеңдерін тіпті іздеп оқитын да болған.

Екіншіден, Б.Майлиннің сөз өне­­ріне деген эстетикалық талғамын биіктеткен, ой-өрісін кеңейтуге ықпал еткен фактордың бірі – баспасөз. Мәселен, «Айқап» журналында бас ақын Абайдың өлеңдері жарияланып тұрды. Өз замандастары сияқты Бейімбет Майлин үшін де бұл үлкен жаңалық болды. Ұлы ақын поэзиясы ақынның білімін өсірді, көзқарасын қалыптастырды. Үшін­ші­ден, ақынның Уфадағы «Ғалия» медресесінде бі­лім алғанын білеміз. Бұл жылдары ол атақты «Садақ» қолжазба журна­лында өзінің бірнеше шығармасын жариялаған. Бір жағынан осы журналдың шығуына қатысқан еді. Демек, оның ақындық таланты ауыз әдебиетінің үздік мұралары мен Абайдың өлең өрнегінің әсерімен дамыды.

Бейімбет Майлин өмір сүрген кезең ағартушылықтың енді қанат жайып дамыған кезеңі. Алайда ес­кілік пен жаңашылдықтың арасында жол таба алмай қалған халық надандықтың құрбаны болады. Өзі де надан атанады. Бұл жылдары халыққа жол көрсету мұраты зиялылардың қолында еді. Міне, Бейімбет те өз жұртын ғылымға, ілімге бет бұруға үндеді. Поэзиядағы ағартушылық тақырыбы сол кезде өте өзекті болды. «Ыштат» атты туындысында да ақын жаңадан келген тәртіпті сынайды. Көптің ырысы мен құтын қашырған жүйеге кет дейді. Өлеңнен мынадай үзінді келтірсек:

Бірлік пен берекені  жойдың тәмам,

Мұныңды сезбей жүр ме білген адам?

Халықтың надандығы  арқасында,

Дәуірлеп, дәурен сүрдің  біраз заман.

Ақынның поэзиясы қазақ әдебиетінде зерделенбеген тақырып. Біз Бейімбетті тек кедейді жақтаған ақын деп танимыз. Алайда оның өлеңдерінің арасында туған жер, махаббат, білім-өнер тақырыптарына арналған туындылары бар. Бұнда ақындық қуат, сөз шеберлігі, тілдің жүйріктігі, қиялдың ұшқырлығы байқалады. Мәселен, «Елге барғанда» өлеңі туған жердің қасиеті, сұлу табиғаты ерекше жырланады.

Сағынып шығып едім іздеп елді,

Салт мініп, желе жортып  астым белді.

Қуаныш көңіліменен көріп өттім,

Көп жүрген жасымдағы  таныс жерді.

 

Жұмақтың бақшасындай гүл жапырақ,

Сайраған түрлі құстар қылып тұрақ.

Жұбатқан жанның бәрін  жайлы жерді.

Сағынбай тұрар адам  не ғып шыдап?!

Академик Қ.Жұмалиев қазақ халқының табиғатына тән әдеби нұсқаларында ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан әзіл, әжуа, күл­діргі әдіс Майлин туындыларынан өзінің өрісін тауып, өрлеген биігіне жетті деп жоғары бағасын берген. Бейімбет шығармаларында, әсіресе, өлеңдерінде күлкі шақырмайтын өлеңдер аз кездеседі. Мысалы, «Құдық басында» атты өлең­ін алсақ, қалада бір-екі жыл оқып, еліне оралған Дәмештің киім-киіс, жүріс-тұрысы өмірге ескілік көзқарас тұрғысынан қарайтын ауыл әйелдеріне ерсі. Дәмешке «азған»,  ата-анасына күйікке біткен бала деп қарайды.

Дәмеш кәдімгі – бұрынғы Дәмеш!

Бұрынғы деуге сияр да емес:

Біз өкшелі бірдеме киген,

Сыртында жылтыр әміркен  галош…

Қасын қырқыпты  байталдай күзеп,

Ой алдай, десейші,  тәп-тәуір қыз ед.

Қауғадай бірдеме «шлап» дейме,

Киеді өңдеп, өзінше түзеп.

Ұн жаққан бетке, ерінде бояу

Азған адамға амал да жоқ-ау…

Жай ғана диалогқа құрылған соң үзіндінің өзінен-ақ оқымаған ауыл әйелдеріне, дұрысын айтсақ, әйел қауымының көпшілігіне тән мінез-құлықтарды өте шебер түрде күлкі етеді. Ондай кісі күлерлік мінезден Дәмештің өзі де құр емес. Ақынның қырағы көзінен ол да қаға берісте қалып қоймайды.

Дәмеш:

«Уа, дариға, қашан теңелер!

Мәдениет орнап қашан  кенелер!»

Бетіне ұнын бір жағып алып,

Бір болар, –  деді , – көне бер!»

Қандай тамаша поэтикалық кон­траст?! Алдыңғы екі жолдағы үлкен мақсат, аңсаған арман, жақсы ниеттерді, соңғы екі жолдағы мещандық әрекет пен салқын төзімділік оның алғашқы сөздерін жоққа шығарады. Бұл эпизодтардың екеуінде де күлмей қала алмайсың. Ақиқатында, Бейімбет Майлиннің поэзиясы уақыттың сұранысына, заман талабына сай келген, жаңа советтік қоғамның елең-алаңындағы қазақ тұрмысын реалистік тұрғыда ашық әрі анық көрсеткен бейнелі, екпінді сипаты басым туындылар санатына жатады. Ақын Абай тудырған дәстүрлі қара сөзбен суреттеу арнасының өз иірімі бар толқыны десек қателеспейміз. Мәселен, Бейімбет ауыл тақырыбын жырлаудың қайталанбас үлгілерін салып, өз қолтаңбасын айқындап кеткен ақын. Бейімбет Майлин – келелі ой, өткір юмор мен философиялық қиялдың, лирикалық сезім мен ащы сатираның өкілі.

Бейімбеттің сықағы сыпайы, күлкісі сырлы келеді. Салмақпен, астарлы мысқылмен жасырынып, ұрланып, «мен мұндалап» көзге көрінбей тұрған юмормен жазылады. Ақынның сатиралық стиліндегі өлеңдерінде өткен күнін аңсаған бай мен бәйбіше, мырза мен би, молда сопылардың мінезі сықақ етіледі. Сатиралық өлеңдерінің сыртқы формасы – диалог, ішкі монолог, әңгімелесу тәсілімен жазылады, автор сюжетті өз алдына ашады да, қорытынды идеяны оқушының еркіне қалдырады.

ХХ ғасырдағы жаңа өмірдің құ­былыстарын жырлаған Б.Майлин поэзиясының тілі оралымды, оқуға жеңіл, ұғымды, оқиғасы қарапайым өмірге жақын болуымен оқырманға жақын. Ақын асқақ сөзге, пафосқа ұмтылмайды. Оның шығармаларында халықтың ұлттық танымы, мінезі шынайы көрі­ніс табады.

Жаңа мазмұндағы той

   26 – 27 қыркүйек күндері аралығында Қостанайда қазақ әдебиетінің бағы, заман тудырған заңғар жазушы Биағаның, Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойы әдеткі тойлардан мүлде бөлек, жаңа мазмұнда өтті. Міне, той деген осындай-ақ болар! Бұрындары той дегенде алаулатып-жалаулатып аста-төк ас берілетін, қисапсыз ақшаңқан киіз үй тігілетін. Аламан бәйге өтіп жататын. Ол деген той өткізгелі отырған елге, ауыл-аймақтағы тұрғындардың қалтасына салмақ салатын іс еді. Ақиқатында, бұл бір күндік қана шара еді ғой. Шапан жабылып, ет желініп, сорпа ішілетін. Болды. Бітті. Бірақ, сол бір күндік шарадан шыққан мүйіз қайда? Еліміз Тәуелсіздік алғалы қаншама той өтті. Есте қалғаны бар ма еді? Биылғы тойдың ерекшелігі ғылымға көңіл бөлгені. Бейімбеттің өмірі мен қызметі, шығармашылығы жаңа заман – Тәуелсіздік тұрғысынан талданып, жан-жақты сөз болды. Өскелең ұрпақ, студент жастар ұйып тыңдады. Кітап болып, тасқа басылды.

Бұрынғы тойларда ысырапшыл­дыққа көп жол берілетін. Бү­гін­гідей уақыт қат болып тұрған кезеңде тойды ұлан-асыр қылып өткізгеннен гөрі, сол тойға кететін қаржыны халықтың игіліне жұмсау керек, жолдарды жөндеуге, ауыл-аймақтың тұрмысын жақсартуға. Өлген кісіге көрсетілген зор құрмет осы ғана. Құран оқып, рухына фатиқа тілеуден басқа шарапатты іс бар ма? Заманында өздері арып-ашып, көк көйлек киіп жүрмеген қайран ағалар тіріліп келсе де айтатыны осы сөз болар еді.

Қостанай облысының әкім­ші­лі­гі Бейімбетті ұлықтап, тұғырына шығарды. Большевик Таранның атын жойып, ауданға Биағаның есімін берді. Жүз жылдан бері Таран ауданы аталып келген елдімекен енді – туған жердің мақтанышы Бейімбеттің есімімен аталады. Енді бұл жерде Бейімбеттің жеке әдеби музейі ашылып, жазушыны танытар орталыққа айналады. Қостанайдағы облыстық кітапханаға жазушының есімі берілу туралы ұсыныстың да қолдау тапқаны қуантты. Биылғы тойда тұңғыш рет республикалық деңгейде Бейімбетті жаңаша тануға арналған конференция өтіп, баяндамашы болған жас зерттеушілер Абылай Мауданов, Заңғар Кәрімхан, Айнұр Төлеу, Әлібек Байбол, Еркін Рахметуллиндерге облыс басшысы Архимед Мұхамбетовтің өкімімен  «Бейімбет Майлин атындағы стипендия» тағайындалды. Бұл стипендия жыл сайын жастарды қолдау үшін, ынталандыру үшін беріліп тұратын болады.

Елдос ТОҚТАРБАЙ

 

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...