Министр: Елімізде мектеп директорлары жетіспейді

Министр: Елімізде мектеп директорлары жетіспейді

Министр: Елімізде мектеп директорлары жетіспейді
ашық дереккөзі
Қазақстанда мектеп директорлары тапшы. Бұл мәселе, әсіресе, солтүстік  өңірлерде өзекті болып тұр. Бүгін қоғамдық қабылдау өткізген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді.  Қабылдауда Асхат Аймағамбетов 12 азаматтың өтінішін тыңдады. Олардың басым бөлігі оқу орындарының басшыларына шағымданды. Мәселен, елорда тұрғындары №12 мектептің бұрынғы директорының жұмысына ата-аналардың көңілі толмағандығын жеткізді. Білім мекемесі екінші жыл қатарынан жаңа оқу жылына дайын болмаған. Ал мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа қарағанда, оқу орны тек биылдың өзінде 25 миллион теңге қаржы жұмсаған. Соңында директор қызметінен кетіп тынған. Министрдің айтуынша, қазір бұл мектепте тексеру жүргізіліп жатыр. Жақында білім ошағына жаңа басшы тағайындалады. - Бүгінгі таңда мектеп басшылары мен  директордың орынбасары қызметіне бос орындар өте көп. Оған кез келген маман бара бермейді.  Бұл үлкен жауапкершілік, оған қаржылық бақылауды қосыңыз. Жалақы мәселесі тағы бар. Өкінішке орай, бізде директорлардың жалақысы аз. Қатардағы мұғалімдерден де аз алып жатады. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр, - деді  Асхат Аймағамбетов.