Мәскеуде Рахымжан Отарбаевтың екі кітабы орыс тілінде жарық көрді
Мәскеуде Рахымжан Отарбаевтың екі кітабы орыс тілінде жарық көрді
Мәскеуде қазақтың белгілі жазушысы, драматург Рахымжан Отарбаевтың орыс тіліне аударылған екі кітабы оқырман қауымға таныстырылды. “Шыңғыс-ханның көз жасы” және “Бас” атты романдары “Художественная литература” баспасының бас редакторы Владимир Пряхиннің аудармасымен орыс тілінде жарық көрді.
Шараға мәскеулік жазушылар, тілшілермен қатар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өкілдері және жазушының ұлы Ермерей Отарбаев қатысты. Владимир Пряхин жиналған қауымға бұл жобаны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен іске асырғанын жеткізіп, алғысын білдірді.
Айта кетелік, Отарбаевтың шығармалары тек қазақ және орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар француз, қытай, араб, түрік, қырғыз және ағылшын тілдеріне аударылды. Өз кезегінде, алғы сөз алған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Жанар Колбачаева жазушының мол мұрасы туралы айтты. “Бір-біріміздің әдеби шығармаларымызбен танысу өзара түсіністік пен достығымызды жақындата түседі. Өзге халықтың мәдениетімен танысу – ол адами құндылықтың ең жоғары деңгейіндегі байланыс. Рахымжан Отарбаев біраз халықтың мәдени қосушысы, әдеби көпірі бола білді”, - деді Жанар Колбачаева.