Қостанай облысында медициналық қауіпті қалдықтар орман алқабына төгілген

Қостанай облысында медициналық қауіпті қалдықтар орман алқабына төгілген

Қостанай облысында медициналық қауіпті қалдықтар орман алқабына төгілген
ашық дереккөзі

Қостанай облысында медициналық зиянды қалдықтар заңсыз төгілген орын анықталды, деп хабарлайды 24.kz. 

Ине, шприц, дәрі тамызғыш секілді қолданылған құралдар Октябрь мен Бозбек ауылдарының ортасындағы орман алқабына ашық-шашық тасталған. Түнде белгісіз біреулер ол қоқысты өртеп, жойып жібермек болыпты. Бірақ орама, пакеттердегі таңбалар сақталып қалған. Онда жылдары, емдеу мекемелерінің атауы көрсетілген. Жазбада медициналық қалдықтар Затобол ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасына және психиатриялық клиниканың туберкулез бөлімшесіне тиесілі екендігі жазылған. Тіпті зиянды заттарды жоюға жауапты адамның ата-жөні де бар.
"Келісімшарт бойынша медициналық қалдықтарды жоюға тиісті кәсіпорын, оны он шақты жыл бойы уақытша гаражда сақтаған. Біз ол қойманы да, иесін де таптық. Енді себеп-салдарын анықтаймыз. Жауапты адамға айыппұлдан тыс ластаған орынды қалпына келтіру, барлық құзырлы органдардың жіті бақылауымен қалдықты қайтара өңдеуге жіберу шығынын өтуге тура келеді", - деді облыстық экология департаментінің мемлекеттік инспекторы Сергей Мұқашев.