Жаңалықтар

Қайырымдылық па?: Алматы облысында жол шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр

ашық дереккөзі

Қайырымдылық па?: Алматы облысында жол шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр

Алматы облысында жолдың шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр. Иесіз, демек, тегін көкөніс жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қызықтырып, шелектеп, қаптап тасып әкетуде. Алайда мұншама картопты кімнің және қандай себепті тастағаны белгісіз. Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы»  хабарлады.  Жолдың шетінде үйіліп жатқан картоптың маңына көптеген көлік тоқтап, көкөністі тегін тасып әкетуде. «Өз қажеттіліктері, мал, жеке шаруашылық үшін жинап әкетіп жатыр. Егер ішінде ірілері болса, тұқымға алуға болады», - дейді Қарабұлақ аулының тұрғыны Геннадий Романенко. Десе де жемісін көру үшін көп тер төгіліп, қаражат жұмсалған картопты кімнің лақтырып тастағаны белгісіз. Ішінде ұсағы көп болса да, бастысы, жеуше жарамды әрі дәмді. Жергілікті тұрғындар шаруашылық иесінің мұндай сыйына дән риза. Ал жергілікті билік жолда қалаған затыңды төгуге болмайды деп отыр. Тіпті, қайырымдылық мақсатында. «Әрине, жолға төгіп тастағаны дұрыс емес. Мұнда жатпауы тиіс. Кәсіпкердің мұндай әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады. Біз жауапқа тартамыз», - дейді Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әпеков. Балпық би – Қарабұлақ тасжолында жатқан картопты ауыл шаруашылығындағы сенсация деуге келмейді. Бұған дейін де көкөністі егіп, жинаудағы шығын кірістен көп болса, алқапты жыртып, қопсытумен ғана шектеліп қоятын. «Шынымен де адамдар қаптап жүр. Аздап болсын сақтауға алып қояйық дедік. Үйде картоп ектік. Алайда тек 12 қап жинадық. Ол отбасымыз үлкен. Немереміз көп», - дейді облыс тұрғыны Күлсім Күшібаева. Өз сөзінде тұрғындар тегін картоп «сыйлаған» кәсіпкерді жазаға тартуға қарсы екендерін айтты. Дұрыс істеді, дейді олар.