"Астана" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

"Астана" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

"Астана" телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
«Астана» телеарнасының бас директоры қызметіне Құрманбек Жұмағали келді. Құрманбек Жұмағали Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары «Хабар» телеарнасының продюсері және жүргізушісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры, «Қазақ радиосының» басшысы, «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары Қарағанды облысының әкімі баспасөз қызметінің, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болған.