Жаңалықтар

Beeline ТМД-да Visa-мен серіктес болған алғашқы оператор

ашық дереккөзі

Beeline ТМД-да Visa-мен серіктес болған алғашқы оператор

Цифрлы қаржы сервистерінің ыңғайлы экожүйесін құру мақсатында, Beeline Қазақстан мен Visa ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік келісімге отырды. Beeline – Visa жаһандық төлем технологиялық компаниясының Fintech Fast Track бағдарламасына ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропадан қатысып отырған алғашқы телеком компания. Серіктестіктің мақсаты – барлық қаржы қызметін телефон теңгерімінің көмегімен және оған тіркелген Visa компаниясының Beeline төлем картасымен онлайн пайдалануды жеңілдету. Компания Менің Beeline-ым мобильді қосымшасын қолданушыларға арнап, жаңа виртуалды төлем картасын шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар QR төлем сервистері мен ақша аударымдары (Р2Р) да жетілдіріледі, нәтижесінде мобильді теңгерімнен ел ішілік және халықаралық аударым жасау нарығын қамтуға мүмкіндік туады. «Beeline Қазақстандағы цифрлы қаржы сервистерін дамытқан алғашқы оператор және қазір ол осы салада көш бастап тұр. Біз клиенттерімізге смартфонның әмиянды алмастыра алатынын дәлелдедік. 2017 жылы, телефон теңгерімі мен банк картасының шотын біріктіретін бірегей төлем картасын Қазақстанда бірінші рет шығарып, Visa-мен ынтымақтаса жұмыс істеуден оң тәжірибе алдық. Былтыр mVisa сервисімен Қазақстан астанасындағы қоғамдық көлікте жолақы төлеу мүмкіндігін іске қостық. Ынтымақтастықты кеңейту – клиенттеріміздің мүмкіндіктерін арттырады. Қазақстандық Beeline Visa кейсінің негізінде цифрлы қаржы сервистерін VEON тобы елдеріне тарату жоспарымыз бар», – деді Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамытушы коммерциялық директоры Олег Алдошин. «Beeline-мен серіктестік – Қазақстан Республикасындағы қаржы-технологиялық экожүйесін дамытудың маңызды қадамы. Beeline тәрізді жаңа ойыншылардың Visa-мен және дәстүрлі банк институттарымен серіктесе отырып, қаржы сервистерін ұсынуы келешекте нақты ақшасыз экономиканы диджитализацияландыруға және өсіруге айтарлықтай серпін бере алады. Біз, нарықтағы бірегей өнім - Beeline картасының дамуға қажет әлеуеті үлкен екеніне сенеміз. Өз технологиялары мен шешімдеріне Beeline-ның қосылуына мүмкіндік бере отырып, Visa инновациялық қаржылық-технологиялық компания мен классикалық банктерді байланыстырушы буын болмақ», – деп Visa компаниясының Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропаның елдерінде Қаржылық-технологиялық компаниялармен және кәсіпорындармен стратегиялық серіктестік департаментінің басшысы Евгений Лесняк атап өтті.