Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандайды

Сондай-ақ!

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы....

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл...

Елімізде әуе билеттері арзандайды. Әзірге қаншалықты арзандайтыны белгісіз. Белгілісі қазір отандық екі әуе компаниясына қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар тарифты қымбаттатып жіберген, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы. 

Елімізде былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда биыл әуе билеттерінің құны 8,5 пайызға өскен! Бағаның қымбаттығы жөнінен әсересе үш өңір көш бастап тұр! Ол Маңғыстау, мұнда әуе тасымалының құны 25%-ға артса, Жамбыл мен Атырауда 19%-ға қымбаттаған. Маңғыстау – 25%, Жамбыл-19%, Атырау – 19%. Бұған не себеп? Дәйек дәлелдер қандай? Тасымалдаушылар жанар-жағармай тапшылығын алдыға тартады. Керосин жетіспейді дейді. Мұнай зауыттары ішкі сұранысты өтей алмағандықтан жетпеген көлемді сырттан әкелуге мәжбүр. Ал оның бағасы қымбат. Негізі бұндай мәселе болған. Бірақ дәл қазіргі ахуалға себеп бола алмайды дейді мұнай саласының мамандары. Олардың пайымынша авиа алпауыттары бар-жоғы монополистік әдетіне басып отыр.

Қазақстандағы отандық авиация өзі шағын ғана алаң! Бар-жоғы сегіз ойыншысы бар! Алайда оның екі-үшеуі ғана ірі екенін ескерсек, онда нағыз бәсекелестік осылардың арасында. Сәйкесінше әуе тасымалының құнына да осылар айтарлықтай әсер етеді деген сөз!
«Скат» пен «Эйр Астана». Әуелгісі нарықтың 30, екіншісі 50-пайызға жуығына қызмет көрсетіп отырған әуе тасымалы саласының алыптары.

«Эйр-Астананың бизнес классы тым қымбат деп есептеймін. Баяғыда бизнес кластың орындықтары кең болатын. Қазір оларды алып тастап эконом класстағыдай қойып қойды. Ал бағасын түсіруді ұмытып кетіпті. Шетелде көп жүргендіктен АҚШ-та болдым, Қытайда да ішкі рейстармен ұштым! Үндістан. Еуропада да ұштым, шыны керек олардың бағалары арзан бізден», – дейді әнші Айқын.

«Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?», – дейді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының ескертуінен кейін әуе тасымалына жауапты комитет қозғала бастады. Арнайы топ құрып, аспандаған бағалардың себебін іздеді әуелі! Әуе компанияларын тыңдасақ мәселе отында көрінеді. 60- пайызын ғана отандық зауыттар беріп отыр.

«Біз керосиннің 30-40 пайызын жеке кәсіпкерлерден аламыз! Олардың бағасы Ресей нарығына ыңғайланған. Ал, кейде біздің Мұнай зауыттары біздің қажеттілігінімізді өтемейді. Сол кездерде біз тіпті Ресейден импорттаймыз!», – деді «SCAT» әуекомпаниясының вице-президенті Дәулет Хамзин.
Алайда, мұнай саласының тыныс-тіршілігімен етене таныс мамандардың айтуынша бұл ақпар шындыққа жанаспайды. Біз өзімізді өзіміз әуе отынымен қамтуға қауқарлымыз. Әрі бұл межені баяғыда-ақ еңсеріп тастаппыз.

«Бұл жағдай кезінде біз өз ішкі нарығымызды қамтамасыз ете алмай жатқан кезде болған. Енді 20 жыл ішінде айтылып отырған дерт, мен мұны сылтау ретінде қабылдаймын.Себебі қазір біздің өзімізде шығады ол, өзімізде өнеді. Тіпті, толық қамтамасыз етпесе Қазақстан онда қанша пайызы Ресейден келіп жатыр ашып айтсын!?», – дейді Мұнай саласының сарапшысы, қоғам белсендісі Рашид Жақсылықов.

Неде болса, мәселенің анық қанығы енді тергеу аяқталғасын белгілі болмақ! Қазір, комитет билеттің бағасын қалай төмендетеміз деп бас қатыруда. Арнайы топтың отырысында бірнеше ұсыныс тасталды. Соның бірі «Қазақ Эйр» мен «Эйр Астана» компаниясының еншілесі «FlyArystanға»  бірнеше ұшақ алып беру.

«Қосымша тағы әуе паркі толады флай арыстанның! 2023 жылға дейін 15 әуе кемесі болады деп жоспарлап отырмыз! Қазақ Эйрға келесі жылдан бастап тағы екі әуе кемесі алуды жоспарлап отыр.Ол қазір өңірлік әуе компаниясы болып саналады. Келесі жылдан бастап рейстер Нұр-Сұлитан қаласынан ашылады», – деді азаматтық авация комитетінің бас сарапшысы Тимір Тілегенов.

Десе де, бұл қолдау бәріне бірдей жасалмағасын билет бағасына айтарлықтай әсер етеді деу қиын дейді мамандар! Олар бұл тұрғыда үйреншікті практикаға сүйенуді ұсынып отыр. Нарыққа басқа да ойыншыларды тарту!

«Мысалы ол бес ұшағымен «Қазақ Эйр» «Эйр Астанаға» қандай бәсекелестік әкеледі?Немесе тура сондай жағдаймен «Бэк Эйр» қандай бәсекелестік әкеледі? Ұшып жүрген Флай Арыстан қай тесігімізді жамайды. Мысалы Эйр-Астананың өзі 1 жылдың ішінде 5 млн адам тасиды. Сол 5 млн адамды таси алатын тағы бір компания кіретін болса, рұқсат беру керек. Онда нақты бәсекелестік алаң пайда болады. Бұндай жағдай Грузияда да болды ғой? Грузия мемлекеті бүткіл Грузиямен жұмыс істейміз, халқын тасимыз деген авиакомпаниялардың бәріне есігін ашып тастады. Бірден билет құлап қалды»,

– деді мұнай саласының сарапшысы, қоғам белсендісі Рашид Жақсылықов.
Алайда, монополист компаниялар бұл пікірді қолдай қоймады.

«Ия, бәлкім олар бастапқыда бәсекелестік тудыратын шығар! Бірақ, сосын отандық авиакомпанияларды нарықтан ығыстырып тастайды. Айналып бәрібір осы жағдайға қайта келеміз», – дейді Дәулет Хамзин.

Есесіне өкпе реніштері бар екен. Оны да бүкпеді.

«Ақыры тергеу басталған екен, онда басқа компанияларға да қатысты болу керек қой бұл! Неге екі компания ғана. Скат пен «Эйр Астана»! Бұл сырттан мемлекеттің бәсекелестікке жасап жатқан кері ықпалы сияқты көрінеді», – деді «Эйр Астана » әуе компанисының вице-президенті Айдар Қошқарбаев.

Ұзын сөздің қысқасы бірлі-екеуін түртпектемей бәрін бірдей жауапқа тартуды сұрап отыр компания өкілдері! Өйткені заң бұзушылық анықталып жатса қос компанияға млндаған айыппұл я клиенттердің ақшасын қайтару  жазасы міндеттелуі әбден мүмкін дейді шенеуніктер. Алайда, оның қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Екібастұз маңында бір топ аққуды атып тастаған қаскөй іздестірілуде

Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды "Информбюро". Бағдарлама...

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың...

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...