Тағамның сапасын сурет арқылы анықтайтын қосымша пайда болды

Тағамның сапасын сурет арқылы анықтайтын қосымша пайда болды

Тағамның сапасын сурет арқылы анықтайтын қосымша пайда болды
ашық дереккөзі
Сурет арқылы тағамның сапасын анықтайтын мобильдік қосымша пайда болды. Канаданың МакГилл университетінің программистері жасап шығарған қосымша астың әрбір калориясын есептеп отыратындар үшін таптырмас көмекші. Аталмыш қосымша тағамның фотосын түсіргеннен кейін, оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді. Қосымшаның анықтау дәлдігі ­­– 80%. Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған. Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы артериалық қысымды өлшеп беретін мобильдік қосымшаны ойлап тапқаны хабарланған болатын.