Сирия АҚШ пен Түркия әскерлерінің өз аумағынан кетуін талап етті
29 қыркүйек, 2019 /
Анар ЛЕПЕСОВА
Сирия АҚШ пен Түркия әскерлерінің өз аумағынан кетуін талап етті
Дамаск АҚШ пен Түркия әскерлерінің Сириядан шығарылуын талап етті. Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллем БҰҰ-ның мінберінде бұл екі мемлекеттің шам жеріндегі әрекеті заңсыз деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Вашингтон мен Анкараның Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймақ құруын халықаралық құқыққа қайшы деп бағалады.
«Егер Вашингтон мен Анкара бұл талапқа құлақ аспаса Дамаск екі ел жасақтарына қарсы кез-келген шара қолдануға құқылы» дейді Сирия өкілі.
Еске сала кетейік, тамыздың 7-сі күні АҚШ пен Түркия босқындар үшін Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құру туралы келісімге келген болатын. Оның ені 30, ал ұзындығы 480 шақырымға созылады.