Президент қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады
Бүгін – еңбек күні. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында қазақстандықтарды осы атаулы күнмен құттықтады.
«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 22 қараша 2013 жылғы жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.