Жаңалықтар

Ғалымдар жүрек жұмысын жақсарту үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты

ашық дереккөзі

Ғалымдар жүрек жұмысын жақсарту үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық алдын алу медицинасы ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жүрек жұмысын жақсарту үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Жүрек ауруларын болдырмау үшін ғалымдар майлы ет пен қантты шектеу керегін ескертеді. Оның орнына күніне көкөністер мен жемістерден кем дегенде 400 грамм жеу қажет. Сонымен қатар, калий мен магний көп тағамдарды диетаға қосуға кеңес берді. Бұрын жаңғақтарды күнделікті тұтыну семіздік пен оған байланысты аурулардың алдын-алу екені хабарланған болатын. Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары жасады. Зерттеуге денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайтын 40 жастан 75 жасқа дейінгі 51 529 ер адам және 24-44 жас аралығындағы 238 386 медбикелер қатысты. Еріктілердің денсаулығына 20 жыл бойы бақылау жасалды. Кез-келген түрдегі жаңғақтарды жиі қолдану дене салмағын тұрақты ұстап тұруға көмектесетіні белгілі болды. Сонымен, қосымша жарты бөлік (бір порция - 28 грамм) төрт жыл ішінде салмақ қосу қаупін екі килограмға азайтады. Жаңғақтың осындай мөлшері семіздік қаупін 15 пайызға төмендетеді.