Головкин Деревянченкомен жекпе-жектен не күтетінін айтты
Головкин Деревянченкомен жекпе-жектен не күтетінін айтты
Геннадий Головкин өзінің басты қарсыласы кім екенін, 5 қазан күні өтетін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектен не күтетінін айтып берді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Мен ешкімнен үлгі алмауға тырысамын. Әдейі. Мен өз жасымда қолымнан келсе, соның бәрін жасап, тынымсыз еңбектеніп жатырмын. Енді менің жанкүйерлерім мен сарапшылар қаншалықты тер төгіп, қанша күш-жігер жұмсағанымды бағалай алады. Менің басты қарсыласым белгілі бір адам емес. Менің басты қарсыласым – ол менің қазіргі жасым мен мотивациям. Мен алдағы жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Маған Нью-Йорктегі бокс атмосферасы ұнайды», - деп келтіреді спортшының сөзін Boxinginsider.com.
Еске сала кетейік, Головкин - Деревянченко айқасы бесінші қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Қос боксшы IBF және IBO чемпионы титулдарын сарапқа салады.