Жаңалықтар

Сот ғимараты – адалдық алаңы

ашық дереккөзі

Сот ғимараты – адалдық алаңы

Алатау аудандық сотында «Сот ғимараты – адалдық алаңы» тақырыбында семинар өткізілді. Сот судьялары мен қызметкерлері және кеңсе меңгерушісі қатысқан шараның ашылуында сөз алған аудандық соттың судьясы Ербол Ак-куов әуелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың, мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін еске салды. Өз баяндамасында судья Ербол Мұратыұлы, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңның міндет-мақсаттарын сөз етіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, прогрессивті әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтініне тоқталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен барлық мемлекеттік қызметшілер сырт қалмауы қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс­әрекеттері үшін емес, тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты. Сонымен қатар, мемлекет жұмыс жасауға лайықты еңбек жағдайларын жасаған соң, мемлекеттік қызметшілерден заңнаманы қатаң сақтауды талап етуге құқылы. Біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз. Президентіміз Қ.Тоқаевта биылғы жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу күн тәртібінен түспегенін тілге тиек етіп, сыбайлас жемқорлықты жолын жою үшін нақты тапсырмалар бергені барлықтарыңызға мәлім», – деді Е.Ак-куов. Семинар соңында, сот процесіне қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым­қатынаста болмау және сотқа келушілердің арандатушылық іс­әрекеттеріне жол бермеу туралы қатысушыларға қатаң ескертілді.