Шарын шатқалында суретке түспек болған нидерландылық турист мерт болды
Шарын шатқалында суретке түспек болған нидерландылық турист мерт болды
Елімізге саяхаттап келген Нидерланды азаматы Шарын шатқалында жартастан құлап кетіп, оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД хабарлады.
Қайғылы жағдай 18-қыркүйекте болған.
Ведомствоның хабарлауынша, Нидерланды корольдігінің азаматы жартаста тұрып селфи жасамақ болған.
Алайда аяғы тайы кетіп, 10 метр биіктіктен құлаған. Шетел азаматы оқиға орнында көз жұмған.
Ведомствоның дерегінше, қаза болған адамның жасы 74-те. Ол Шарынға туристік топпен барған. Олар Көлсай өзеніне қарай бағыт алған екен.