Жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция полковнигі парамен ұсталды

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында полиция полковнигі парамен ұсталды

Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  «Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары полиция полковнигі пара алды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде. Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасу кезінде көрсеткен көмегі үшін 400 000 теңге сомасында алынған параны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды», - делінген хабарламада. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.