Бұқтырма су қоймасының түбінен 1 тонна нәжіс тұнбасы табылды

Бұқтырма су қоймасының түбінен 1 тонна нәжіс тұнбасы табылды

Бұқтырма су қоймасының түбінен 1 тонна нәжіс тұнбасы табылды
ашық дереккөзі
Сүңгуірлер "Бұқтырма" су қоймасының түбінен су ағатын құбыр мен шамамен бір тонна болатын нәжіс тұнбасын тапты. Шығыс Қазақстандық тәуелсіз сарапшылардың жасаған бұл сынамасы тұрғындардың жағасын ұстатты. Судағы ішек таяқшасының лактозасы нормадан 70 мың есе асып кеткен, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.  Тамыз айында ауыл тұрғындары, «Голубой Залив» демалыс орнына тиесілі кәріз құбырынан шыққан нәжіс "Бұқтырма" су қоймасына ағып жатқаны видеоға түсіріп жариялаған болатын. Келген экология департаментінің мамандары апатты құбырды таба алмаған. Бәрі қалыпты деді. Оған күмәнмен қараған тұрғындар тәуелсіз сарапшыларды шақырған. Олар жағалаудан 80 метр қашықтықтан ластану көзін тапты. "Сүңгуірлер су түбінен сынамалар алды. Міне, осы сынаманың нәтижесі 70 мың бірліктен асып түсті, қалыпты жағдай 5 мың бірлік болуы керек. Яғни нәжіс, құрт, паразиттер мен бұл бактериялар да бар", - дейді жергілікті тұрғын Сергей АКЕНТЬЕВ Мұндай қорытындылардан кейін сараптаманың дұрыстығын енді облыстық прокуратура тексереді. Сондай-ақ, «Голубой Залив» демалыс орнында кәріз жүйесі жұмыс істеп тұр ма , жоқ па оны да анықтауы тиіс.