Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Атырау облысында 26 келілік алып сүйек табылды

Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан cалмағы 26 келіні құрайтын алып сүйек табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі  atpress.kz хабарлады. 

Facebook әлеуметтік желісінде Ұзақбай Шахмет есімді қолданушы ерте заманда өмір сүрген жануардың алып сүйегінің суретін жариялады. Салыстыру үшін ол «Уаз» автокөлігінің жанына қойылған.

Индер аудандық «Дендер» газетінің хабарлауынша, оны Орал жағасынан Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев тауып алыпты. Сүйектің салмағы 26 келі, ұзындығы бір метр шамасында.Атырау облысында 26 келілік алып сүйек табылды

Оның қай жануарға тиесілі екенін тек мамандар анықтай алады. Мамонттың сүйегі болуы да ғажап емес. Себебі, мамонт сүйегі осы уақытқа дейін Атырау облысы аумағында, соның ішінде Индер ауданы мен Махамбет ауданында табылған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button