Синоптиктер: Қазақстанның 8 облысында үсік жүреді
Синоптиктер: Қазақстанның 8 облысында үсік жүреді
Карск теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде түнде көбіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктер Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болады деп болжап отыр.
Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.