Ыстамбұлда ірі жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда ірі жер сілкінісі болды

Ыстамбұлда ірі жер сілкінісі болды
ашық дереккөзі

Түркияның Ыстамбұл қаласында 26 қыркүйекте күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері 5,8-ді құрады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. 

Жер сілкінісі Ыстамбұлда және оған жақын аудандарда сезілді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктен түрік мегаполисіне келді. Ол Ыстамбұлдағы жағдайға түсінік берді. Мемлекет басшысы Түркия Үүіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету департаментінің (AFAD) мәліметінше, Ыстамбұл жағалауындағы Мармара теңізінде болған сілкіністердің күші 5,8 болды. "Метрополияда 28 афтершок тіркелді. Ең күшті соққы магнитудасы 4,1", - деді Режеп Тайып Ердоған. Оның айтуынша, Ыстамбұлдағы жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шекті. Түркия президенті қоғамды жер сілкінісі аймағындағы жағдай туралы ресми құрылымдардың мәлімдемелеріне ғана сенуге шақырды.