«Nur Otan» партиясының бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

«Nur Otan» партиясының бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

«Nur Otan» партиясының бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясына жыл басынан бері 143 мың өтініш-шағым түскен. Партиялық бақылау комитеті халықтың ұсынысы мен мәселелерін назарға алуға міндетті. Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек комитеттің жаңа жетекшісін таныстырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен жауапты қызмет Павел Казанцевке жүктелді. Үш жыл қатарынан Нұр-Сұлтан қалалық партия бөлімшесін басқарған ол, негізгі түйткілдерден хабардар екенін әрі халықпен етене жұмыс істеуге дайындығын жеткізді. Ротацияға дейін комитетті Қуаныш Сұлтанов басқарған. Ұйым әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын, бюджеттің дұрыс игеріліп, өңірлердегі өзекті мәселелердің уақытылы шешілуін бақылайды. Сондай-ақ комитет алдында қоғамдық қабылдау жұмысын реттеу, партия жобаларын жетілдіру, халыққа сапалы қызмет көрсету міндеті тұр. "Партиялық бақылау комитеті бақылаушы орган ретінде Партиясы төрағасы қойған міндеттердің орындалуы жүйелі түрде бақылау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру қажет. Комитеттің бұл үшін қажетті тәжірибесі мен ресурстары бар. Барлық өңірлерде партиялық бақылаудың 239 аймақтық комиссиялары жұмыс істейді", - дейді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.