Жаңалықтар

Алаштың жолы – жаһанға үлгі

ашық дереккөзі

Алаштың жолы – жаһанға үлгі

Апта басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жұмыс сапарымен Америка Құрама штаттарына бар­ды.  5 күнге созылатын сапардың басында Біріккен Ұлт­тар ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қаты­сып, әлемнің тұрақты дамуына қауіп келтіріп отырған бірқатар жаһандық тенденцияларға алаңдаушылық танытты. Расында да, әлемдегі қаты­гез­дік пен берекесіздіктің тетігі – жойқын қарудан түбегейлі бас тартып, ядролық қарудан азат аймақ құрған Қазақстанның тә­жі­рибесі көпке үлгі. Соғыста жап­пай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биоло­гия­лық және ғылым жетістігі не­гі­зінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қол­да­ну­дан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түр­ле­рін жасау үшін ғылыми жаңа­лық­тарды пай­да­лануға тыйым сала­тын ха­лық­аралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңыз­ды. Шындығында, әлем елдері жеке мүддесі үшін жанталаса қаруланып, адамзатқа ортақ мүддені назардан тыс қалдырып отырған секілді. Мұндайда бір елдің тәуекелге барып, өзгелерге үлгі ұсынуы, жалпы адамзаттық мүдде үшін әрекет етуі кез кел­геннің қолынан келе бермейтін кө­­регендік. Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пай­да­ланылған, 500 ядролық сынақ­тың нәтижесінде бір жарым миллионнан астам азаматы мен ауқымды территориясы радиа­ция­ға ұшыраған еліміздің тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді. Қару және ядролық материалдар қо­рын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелді. Алайда, әл­деқайда берік қауіпсіздік бар­лық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құрылымдар арқылы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Ядролық қару бұдан былай Ор­та­лық Азияда ұлттық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету факторы бо­лып саналмайды. Cондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассам­блея­сы­ның 74-сессиясында жаса­ған мәлімдемесіне осы мәселені өзек етуі бекер емес. «Ядролық қарусыз әлем құру – бұл елімнің ұлы басым бағыты. Осы ұмтылыс қазақ халқының жал­пы­ұлттық бірегейлігінің ажы­ра­мас бөлігіне айналды. Ол бізге ядролық қаруды жоюға қатысты жаһандық қозғалыстың алғы ше­бін­де болуға моральдық құқық бер­ді. Біз ядролық қарудың игілік емес, жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп екен­дігіне нық сенімдіміз. Өкі­ніш­тісі, бірқатар елдер бұрын­ғы­сынша стра­тегиялық қорғаныс күш­те­рін­де ядролық арсеналға арқа сү­­й­е­й­­ді, бұл олардың қарсылас­та­ры­на ассиметриялық жауап беру үшін оны иемдену мәселесін қа­рау­ға мәжбүр етеді. Бұл қарым­та жауап­тың өзі – жаппай қы­рып-жою қаруы секілді қырғынға апа­ра­тын жол», – деді Қазақстан Пре­зиденті БҰҰ мінберінде сөй­леген сөзінде. Ол сондай-ақ, «Бүгінгі геоса­я­си және геоэкономикалық өз­геріс­терге алаңдаушылық таны­туға толық негіз бар. 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі бірлескен міндеттерді жүзеге асыруда мұн­дай жағдай біз үшін сынақ бол­мақ. Жаңа жаһандық тенден­ция­ларда басты алаңдаушылық туды­рып отырған жайттар ол – ше­шіл­мей жатқан кикілжіңдердің ар­туы мен әлемнің әр түкпіріндегі аймақтардағы басқындық. Жа­һан­дық державалар толық­қанды әскери қақтығыс алдында тұр», – деді. Мемлекет басшысы сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы жетістіктерін еске салды. «Біз үлгі көрсеткіміз келеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лы­ғымен Қазақстан Семей ядро­лық полигонын жауып, ерікті түрде әлемдегі төртінші орын­да­ғы ядролық арсеналдан бас тартты. Бұл шешім – ядролық қа­рудан бас тарту және ядролық қаруды таратпау саласындағы жа­һан­дық көшбасшылық бағыт­та­ғы сәтті әрі ұзақ жолдағы ал­ғашқы қадамымыз болды. Осы асыл мұратымызға жету жолында ядролық қарудан азат Орталық Азияның айрықша аймақ болып құрылғанын атап өткім келеді», – деген Президент әлем елдерін осындай жаңа аймақтарды құру­ға шақырды. Орталық Азия аймағының рө­лі мен әлеуеті туралы айтқан Пре­­зи­дент: «Ондаған жылдар бойы Орталық Азия мемлекеттері эко­­номикалық байланысының әл­сіз болуы олардың тұрақты өсуі­не кедергі келтірді. Бүгінгі таң­да ор­тақ мүдделер мен мә­селелер туындаған соң аймақ дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Осыған байланысты ай­мақ­тағы барлық 5 ел арасындағы конструктивті сая­си диалог сау­да-экономикалық, ин­вес­ти­ция­лық қатынастар мен адамдар арасындағы қарым-қа­тынас үшін өте маңызды болады», – дей келе, Қазақстанның Орта­лық Азия­дағы ең ірі экономика бола оты­рып, барлық мемлекет ара­сын­дағы өзара тиімді ынты­мақ­тастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясында алаңдаушылық туғызатын жаһандық 4 үрдіске тоқталды. Біріншіден,  әлемнің әртүрлі аймақтарында шешіл­меген қақтығыстар мен шие­ле­ністердің көбеюі, екіншіден, жа­һан­­дық және аймақтық субъек­тілер арасында сенімнің жоғалуы, үшіншіден,  солтүстік пен оңтүс­тік арасындағы теңсіздіктің кү­шеюі, төртіншіден, қоршаған ор­таның құлдырауы секілді төрт қа­тердің жаһанды берекесіздік пен тұрақсыздыққа әкеліп тірей­тінін айтып, әріптестерін жан-жақ­ты диалог орнатуға, бей­біт­шілік үшін күш біріктіруге үндеді. Президенттің Нью-Йоркқа са­парындағы айрықша маңызға ие тағы бір оқиға – БҰҰ Бас хат­шысы Антониу Гутерриштің қа­былдауы. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақ­саттарын іске асырудағы Қазақ­станның белсенділігін атап өт­кен Бас хатшы еліміздің жұмы­сына оң баға берді. Сондай-ақ, кездесуде мемлекетіміздің өңір­лік қақтығыстарды реттеу ісін­де халықаралық күш жұ­мыл­дыруы, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Астана процесі аясындағы қомақты үлесі айтыл­ды. Антониу Гутер­риш жаһандық ядролық қаруға қарсы күн тәрті­бінде Қазақ­стан­ның жетекші рөл атқаратынын айрықша атап өтті. P.S. Сапар барысында Мем­лекет басшысы АҚШ Президенті  Дональд Трамп, Швей­ца­рия Конфедерациясының Президенті Ули Маурер, Болга­рия басшысы Румен Радев, Польша Президенті Анд­жей Дуда, Грузия Президенті Саломе Зурабиш­ви­ли, Иор­да­ния Королі ІІ Абдалла және Украина През­иденті Вла­димир Зеленскиймен кездесіп, мемлекет­тер ара­сын­­­да­ғы ынтымақтастықты дамыту бағыттарын тал­қылады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде АҚШ-қа жасап отырған алғашқы сапары. Қазақстан­ның ірі инвесторларының бірі саналатын алпауыт ел мемлекетіміздің басшысын зор құрметпен қарсы алды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалаған америкалық әріптестер өзара тиімді стра­тегия­лық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екен­дерін жеткізді. Бүгінге дейін америкалық серіктестер қазақстандық нарыққа 45 млрд доллардан астам қаржы салған. Мемлекет басшысынан еліміздегі жаңа инвести­ция­лық мүмкіндіктер жайлы естіген ірі компания өкіл­дері бірқатар жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу­ге ынта білдірді. Қызыға құлақ түргендердің қата­рында АҚШ-тың «Royal Dutch Shell», «JPMorgan Chase & Co.», «Amazon Web Services» секілді алпауыт компа­ниялар бар