Әлемдегі ең үлкен әуежай жолаушыларға қызмет көрсете бастады
Әлемдегі ең үлкен әуежай жолаушыларға қызмет көрсете бастады
Қытай астанасында әлемдегі ең үлкен халықаралық «Дасин» әуежайы өз жұмысын бастады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Бұған дейін әуежай құрылысының басшысы Ли Цзяньхуа «SkyTeam» альянсына кіретін барлық әуекомпаниялардың жаңа халықаралық әуежайға көшетінін, ал «Star Alliance» әуекомпаниялары «Шоуду» халықаралық әуежайында қалатынын мәлімдеген.
Ресейлік «Аэрофлот» әуекомпаниясы да «SkyTeam» альянсының мүшесі болғандықтан жаңа әуежайға көшеді.
Әлемдегі ең үлкен халықаралық әуежайдың құрылысы 5 жыл бұрын басталған болатын. «Дасин» әуежайы Бейжіңнің оңтүстік бөлігінде, орталықтан 46 км қашықтықта орналасқан. Төрт ұшу-қону жолағы бар әуежай жылына 620 мың рейсті қабылдай алады. Әуежайдың жалпы ауданы 47 мың шаршы шақырымды құрайды. Жылына 45 миллион жолаушы келеді деп жоспарланып салынған.