Елімізде электр энергиясының бағасы арзандады
Елімізде электр энергиясының бағасы арзандады
Елімізде электр энергиясының құны 6,5 пайызға арзандады.
Energyprom дерегінше, жаздың соңына қарай елде сағатына 69,6 млрд кВт электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясының 80,5% - жылу электр стансаларының еншісінде, 9,7% - гидроэлектростансалары, 8,6%-ын газотурбинді стансалар өндірген. Жел электр стансалары бүкіл электр энергиясының тек 0,9% ғана өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға артық.
Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде электр энергиясы 6,5%-ға арзандады. Бағалардың арзандауы Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді. Бір айта кетерлігі, былтыр қаңтар-шілде аралығындағы электр энергиясының құны 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға қымбаттаған.