Жансая Германияның әйгілі клубымен келісімшартқа қол қойды

Жансая Германияның әйгілі клубымен келісімшартқа қол қойды

Жансая Германияның әйгілі клубымен келісімшартқа қол қойды
ашық дереккөзі
Қазақстанның мақтанышы, шахматшы ару Жансая Әбдімәлік Германияның әлемге әйгілі «Баден-Баден» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Қазақстанның Шахмат федерациясы хабарлады.  «Баден-Баден» әйелдер клубы классикалық шахматтан да, жылдам шахматтан да әлем чемпионы атанған ең мықты шахматшыларды қатарына қосып келеді. Элиталық клубтың құрамында: Хоу Ифань (Қытай), Анна және Мария Музычуктар (Украина), Александра Костенюк (Ресей), Антоанета Стефанова (Болгария) сияқты мықтылар бар. «Баден-Баденнің» ерлер командасы да осал емес: Фабиано Каруана, Максим Вашье-Лаграв, Вишванатан Ананд, Левон Аронян, Петр Свидлер сияқты саңлақтар да осы клубтың мүшелері. 2019/2020 жылғы маусымда Жансая командаластарымен бірге 11 тур ойнайды, содан кейін 2020 жылдың мамырында Бундеслиганың жеңімпазы анықталады. Жансая бірінші турда швед қызы Инна Агресті жеңіп, Германиядағы мансабын сәтті бастады. «Баден-Баден» командасының капитаны жас әрі мықты шахматшыны қатарына қосып алғанына қуанып отырғанын жеткізді.