Жаңалықтар

Мүлік салығын төлемегендер тізімі БАҚ-та жарияланады

ашық дереккөзі

Мүлік салығын төлемегендер тізімі БАҚ-та жарияланады

Алматыда 1 қазаннан бастап мүлік салығын төлемеген адамдардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын (мүлік салығы) төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Ең алдымен, 50 мың теңгеден астам салығын төлемеген адамдардың тізімі, кейін 20 мың теңгеден асатын салық берешегі барлардың аты-жөні жарияланады. «Салық заңнамасына сәйкес, салық органдары бұқаралық ақпарат құралдарында салық берешегі бар адамдардың тізімін жариялайды. Бұл жағдайда тізімдерде тегі, аты, әкесінің аты және салық қарызының жалпы сомасы көрсетіледі. Айта кету керек, бұл тізімге Қазақстанның танымал тұлғалары енген», –  деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер департаменті.