Министр Риддердегі спорт мектебіне барды
Министр Риддердегі спорт мектебіне барды
Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжіне барды. Онда министр мектептің кабинеттерін, жатақхана, асхана, жаттығу залдарын аралап көрді.
«Біздің міндетіміз – сендердің спортпен алаңсыз айналысуларың үшін барлық жағдайды жасап беру. Ал сендер, балалар жақсы нәтижелер көрсетіп, өздеріңе сенім артып отырған колледждің, қаланың, елдің туын тек биіктен желбірететін болыңдар »,- деп колледж тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.